"Өнерлі саусақтар" шеберлік сағаты
5 қазан күні 2А сынып оқушылары арасында «Өнерлі саусақтар» атты шығармашылық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында әр оқушы өз қиялы мен шығармашылығын пайдалана отырып, жеке гүл шоғын жасады. Балалар өз қолдарымен әдемі гүл шоқтарын құрастырып, ұқыптылық, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын көрсетті.
Әр гүл шоғы — баланың қиялы мен еңбегінің нәтижесі!

