1 "А" сыныбында "Қош бол,әліппе!" атты сыныптан тыс іс-шара өтті

15.01.2026

Мектебіміздің 1 “А” сыныбында бастауыш білімнің алғашқы баспалдағы саналатын “Қош бол, Әліппе!” атты сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Бұл әсерлі мереке – оқушылардың оқу жолындағы ең алғашқы жетістігін айқындайтын ерекше сәт болды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер әліппеден үйренген білімдерін ортаға салып, өлең оқып, ән айтып, көріністер қойды. Әріптермен қоштасу арқылы олар оқудың жаңа кезеңі – Ана тілі әлеміне қадам басты.
Аталған іс-шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, мектеп өміріндегі алғашқы естен кетпес мерекелерінің бірі болды. Барша бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Сынып жетекші:Жасуланова Мадина Сексембаевна

Просмотров: 1506


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу